Басты бет Жаңалықтар Жанармай қымбаттамайды — Энергетика министрі

Жанармай қымбаттамайды — Энергетика министрі

Энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың айтуынша, Үкімет жанармай бағасын өсірмей ұстап тұру үшін жұмыс істеп жатыр.

Бұған дейін сарапшылар, еліміздегі үш бірдей мұнай өңдеу зауыты жөндеуге жабылып, жұмысын уақытша тоқтатқандықтан бензин бағасының өсетінін болжаған. Бірақ, Бозымбаев қымбатшылыққа жол бермейміз дейді.

Қазір еліміздің жанармай бекеттерінде АИ-92 143 теңгеден сатылып жатыр. Ал, Энергетика министрі әдеттегідей, баға көрші елдермен салыстырғанда әлдеқайда арзан деп отыр.

Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі:

-Біз бензин бағасы қымбаттап кетпеуі үшін жұмыс істеп жатырмыз. Оның үстіне біздегі құн төмен. Мәселен, Ресейде АИ-92 180 теңге тұрады. Ал, Еуропамен салыстырсаңыз тіпті жоғары.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version