Бұған дейін сарапшылар, еліміздегі үш бірдей мұнай өңдеу зауыты жөндеуге жабылып, жұмысын уақытша тоқтатқандықтан бензин бағасының өсетінін болжаған. Бірақ, Бозымбаев қымбатшылыққа жол бермейміз дейді.
Қазір еліміздің жанармай бекеттерінде АИ-92 143 теңгеден сатылып жатыр. Ал, Энергетика министрі әдеттегідей, баға көрші елдермен салыстырғанда әлдеқайда арзан деп отыр.
Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі:
-Біз бензин бағасы қымбаттап кетпеуі үшін жұмыс істеп жатырмыз. Оның үстіне біздегі құн төмен. Мәселен, Ресейде АИ-92 180 теңге тұрады. Ал, Еуропамен салыстырсаңыз тіпті жоғары.