Қазақстандықтар маусымда қанша күн демалады?

Маусымда қазақстандықтар Құрбан айт мейрамын тойлайды. Биылғы Құрбан айт мейрамы 28 маусым — сәрсенбіге түсіп тұр.
Аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 26, 27 маусым күндері жұмыс істеп, 28 маусымда демалады. 29, 30 маусым күндері қайта жұмыс істейді.
Алты күн жұмыс істейтіндер 26, 27 маусымда жұмыс істеп, 28 маусым демалады. 29, 30 маусым және 1 шілде қайта жұмыс істейді.
Осылайша, маусымда аптасына бес күн жұмыс істейтіндер тоғыз күн, алты күн жұмыс істейтіндер бес күн демалады.