Басты бетЖаңалықтар"Алтын белгіге"...

«Алтын белгіге» үміткерлер емтиханды өз мектебінде тапсыратын болды

Биыл «Алтын белгіге» үміткерлер қорытынды емтиханды өз мектебінде тапсырады. Бұл туралы оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев түлектермен кездескенде айтты.

Қазіргі әлемдік білім — бұл экономикалық, мәдени және идеологиялық факторларға негізделген үнемі өзгеріп отыратын жүйе. Мемлекет сапалы білім берудің мықты іргетасын қалау және талантты балаларды қолдау үшін жағдай жасап жатыр. Өтініштер мен ұсыныстарды ескере отырып, сарапшылармен кеңесіп, министрлік биылдан бастап «Алтын белгіге» үміткерлер  өздерінің білім орнында мектеп бітіру емтихандарын тапсырады деген шешім қабылданды, – деді министр «Алтын белгі» аттестатына үміткер түлектерімен кездесуінде.

Биыл елімізде 6817 оқушы — «Алтын белгіге» үміткері.

Бұған дейін «Алтын бегі» үміткерлерінің білімін Назарбаев зияткерлік мектебінде тексеру ұсынылған болатын.