Басты бетЖаңалықтарАқмола облысында...

Ақмола облысында он күн бұрын жоғалған ер адамның денесі табылды

Ақмола облысының Целиноград ауданында он күн бұрын із-түзсіз жоғалған ер адамның денесі табылды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, Целиноград ауданының 29 жастағы тұрғыны Шыңғыс Мұстафинге 3 мамырда іздеу жарияланған. Оны іздеуге тәртіп сақшыларымен бірге әскери қызметшілер, еріктілер, туыстары мен таныстары атсалысты.

12 мамырда қабылдаған шаралардан соң ер адамның денесі Сандықтау ауданының аумағынан табылды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, соның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады, — делінген ведомство хабарламасында.

ПД баспасөз қызметінің хабарламасына сәйкес, бейнебақылау камераларының көмегімен полиция қызметкерлері жоғалып кеткен ер адамның Сандықтау ауданы аумағына автокөлікпен келгенін, кейін көліктің Сандықтау ауылында тұрғанын анықтады.