Басты бетЖаңалықтарҚазақстан-Қырғызстан арасында...

Қазақстан-Қырғызстан арасында құқықтық көмек беру туралы заң қабылданды

Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы өзара құқықтық көмек туралы хаттама ратицификацияланды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Мемлекет басшысы «1996 жылғы 26 тамыздағы Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы азаматтық және қылмыстық iстер жөніндегі өзара құқықтық көмек көрсету туралы шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды, — делінген хабарламада.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.