Алматыда 20-21 мамыр аралығында Рахат Fest фестивалі өтеді. Бұл туралы фестиваль ұйымдастырушысы Полина Ахметова айтты.
Рахат Fest фестивалі 20-21 мамырда «Бірінші мамыр тоғаны» саябағының аумағында өтеді. Бұл – Алматы маңында орналасқан, көлі, көгалдары, самалжайлары және арнайы аймақтары бар әдемі жер. Фестивальге 4 500-ден 6 500-ге дейін адам келеді. Қонақтарға 30 мейрамхана ас әзірлейді, олар түрлі жеңіл тамақтар, салаттар мен ыстық тағамдар ұсынады. Саябақ аумағында сусындардың сан түрін ұсынатын 15 бар жұмыс істейді. Сонымен қатар қонақтар үшін тегін welcome-drink болады, — деді Полина Ахметова.
Фестивальде 10 хедлайнер өнер көрсетеді. 20 мамырда – Банд’Эрос, Limbа, Hiro, Айқын. 21 мамырда – Пицца, Ninety One, Қайрат Нұртас, 101 тобы.
Фестивальде сәнді фотоаймақтар, аналарға арналған wellness&beauty corner, әкелерге арналған 21+ арнайы аймақтар, балаларға арналған жайлы балалар аймақтары болады. Сонымен қатар фестиваль бағдарламасында бағалы жүлделер ұтыстары болады. 10 жасқа дейінгі балаларға ата-аналарымен кіру тегін. Саябақты кәсіби күзет қызметі қорғайды. Аумақта биодәретханалар орнатылады, іс-шара күндері шомылуға қатаң тыйым салынады, — деді фестиваль ұйымдастырушысы.
Айта кетейік, Рахат Fest-ке Абай даңғылы мен Сәтбаев көшесі арасындағы, Байтұрсынов көшесі бойындағы көлік тұрағынан шығуға болады. Бірінші мамыр тоғандарынан қайтадан қалаға тасымал көлігі фестивальдің басты көлік тұрағына кіреберісте күтеді. Билеттер https://kino.kz/ сайтында.
Сұрақтар бойынша: + 7 777 364 19 33 Марина Гяурова.