Басты бетЖаңалықтарАслан Аталықов...

Аслан Аталықов ІІМ көші-қон қызметі комитетінің төрағасы болды

Аслан Аталықов ІІМ көші-қон қызметі комитетінің төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

ҚР президенті әкімшілігінің келісімі бойынша, ішкі істер министрінің бұйрығымен ІІМ көші-қон қызметі комитетінің төрағасы лауазымына бұрын осы комитет төрағасының міндетін атқарған полиция полковнигі Аслан Базарбайұлы Аталықов тағайындалды, — делінген хабарламада.

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев министрліктің басшы құрамына көші-қон қызметінің жаңа басшысын таныстыра отырып, оның құқық қорғау органдарындағы әртүрлі жауапты лауазымдардағы жұмыс тәжірибесін, жоғары кәсібилігін айтып, жаңа қызметіне табыс тіледі.