Алматыда 14 мамырда «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заңның орындалмауына қатысты әкімдікпен келісілген митиң өтеді. Бұл туралы «KARE-Забота» қоғамдық қоры хабарлады.
Митиң 14 мамыр күні сағат 12:00-ден 14:00-ге дейін «Сары-Арқа» кинотеатрының артындағы скверде өтеді.
Бейбіт жиынның мақсаты:
- жергілікті атқарушы органдардың жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы заң талаптарын орындамауы және саботаж жасауы;
- «Ұстау-стерилизация-вакцинация-қайтару» бағдарламасын орындамау;
- жануарларды өлтірудің тиімсіздігі, егер негізгі себептер жойылмаса, атап айтқанда: үй жануарларын жауапсыз ұстау және өсіру;
- НҚА бойынша ресми жұмыс;
- жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы заңнаманың тиісінше орындалуына қоғамдық бақылау саласындағы өз өкілетін жүзеге асыру бойынша қоғамдық инспекторлар жұмысына кедергілер;
- ІІМ тарапынан жануарларға қатыгездік көрсету деректеріне тиісті реакцияның болмауы;
- ит тістеп алғаны туралы сенімсіз деректер; білім беру ұйымдарында, бұқаралық ақпарат құралдарында (теледидар/радио/ақпараттық ресми сайттар), билбордтар мен плакаттарда таныстыру бағдарламаларын өткізуге қойылатын талаптар, — деді «KARE-Забота» қоғамдық қорының өкілдері.
Бейбіт жиынға үй жануарларын алып баруға болады, бірақ жаңа серуендеу ережелеріне сәйкес иттердің тұмсығы жабулы болу керек.
Айта кетейік, Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі митиң әкімдікпен келісілгенін растады.