Басты бетЖаңалықтар«ҚазМұнайГаз» ұлттық...

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының басқарма құрамы өзгерді

Қазақстан қор биржасы «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының басқарма құрамы өзгергенін мәлімдеді.

«ҚазМұнайГаз» АҚ басқарма құрамына бұған дейін компаниядан кеткен Арман Қайырденов пен Дәурен Қарабаевтың орнына Дмитрий Макеев пен Диана Арысова келді, — деді баспасөз қызметі өкілдері.

Енгізілген өзгерістерді ескере отырып, компанияның басқарма құрамында тоғыз адам бар: Мағзұм Мырзағалиев, Дастан Абдулғафаров, Болат Закиров, Василий Лавренов, Серікқали Брекешев, Дәулетжан Хасанов, Қуаныш Құдайбергенов, Дмитрий Макеев, Диана Арысова.