Басты бетЖаңалықтарҚазақстанда теміржол...

Қазақстанда теміржол билеттері арзандауы мүмкін

Қазақстанда теміржол билеттерінің құны төмендеуі мүмкін. Бұл туралы ҚР бас көлік прокуратурасы хабарлады.

Бас көлік прокуратурасы жоспарлы талдау шеңберінде көлік саласындағы уәкілетті органның «Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдау жөніндегі қызметтерге бағалардың (тарифтердің) шекті деңгейін айқындау әдістемесін бекіту туралы» бұйрығын зерделеді. Әдістемеге динамикалық баға белгілеу принципі бойынша жол жүру құнын анықтау формуласы заңсыз енгізілгені анықталды, бұл іс жүзінде жол жүру құжат бағасының өсуіне мүмкіндік берген, — делінген хабарламада.

Бүгінгі таңда теміржол билеттерін сату кезінде динамикалық баға белгілеуді қолдану тоқтатылды, осы норманы алып тастау туралы бұйрық жобасы уәкілетті органдармен келісілу сатысында.

Енгізілген жаңа түзетулер жолаушыларға билет құнын едәуір төмендетуге және олардың шекті бағасын белгілеуге мүмкіндік береді.