Алматы облысында көпбалалы отбасы белгісіз заттан уланып, бес адам қаза болды. Бұл туралы Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қайғылы оқиға 4 мамырда Көліащы ауылында болған.
Сағат 16:04-те Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментіне Қарасай ауданы, Елтай ауылдық округіне қарасты Көліащы ауылындағы жеке тұрғын үйде алты адам (екі ересек және төрт бала) алдын ала белгісіз заттан уланғаны туралы хабарлама келіп түсті. Нәтижесінде 1984 жылғы ер адам (әкесі) және төрт бала (2010 жылы туған қызы және 2008, 2013, 2018 жылы туған ұлдары) қаза болды. 1985 жылы туған әйел (анасы) Шамалған ауылының Қарасай көпсалалы ауданаралық ауруханасына жатқызылды. Жағдайы ауыр, реанимация бөлімінде. Алдын ала себеп — белгісіз заттан улану, — делінген хабарламада.