Ұлттық статистика бюросы әр саладағы орташа жалақының тізімін жариялады.
Ең жоғары орташа жалақыны тау-кен өндірісінде еңбек ететін қазақстандықтар алады. Олардың жалақысы — 766 555 теңге.
Орташа жалақы ең жоғары салалар:
- Тау-кен өндіру — 766 555 теңге;
- Қаржы және сақтандыру — 602 114 теңге;
- Ақпарат және байланыс– 541 218 теңге;
- Өнеркәсіп — 474 938 теңге;
- Құрылыс — 472 084 теңге.
Орташа жалақы ең төмен салалар:
- Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну — 249 425 теңге;
- Жылжымайтын мүлікпен операциялар — 234 366 теңге;
- Өнер, ойын-сауық және демалыс — 203 031 теңге;
- Сумен жабдықтау, қалдықтарды жинау және өңдеу — 201 884 теңге;
- Ауыл, орман және балық шаруашылығы — 179 388 теңге.
Орташа айлық жалақы жоғары өңірлер:
- Атырау облысы — 618 420 теңге;
- Маңғыстау облысы — 509 818 теңге;
- Ұлытау облысы — 450 889 теңге;
- Астана қаласы — 432 197 теңге;
- Алматы қаласы — 390 322 теңге.
Орташа айлық жалақы төмен өңірлер:
- Солтүстік Қазақстан облысы — 241 102 теңге;
- Жетісу облысы — 246 203;
- Шымкент қаласы — 254 202 теңге;
- Жамбыл облысы — 254 646;
- Түркістан облысы — 257 874.
2023 жылғы I тоқсанда Қазақстан Республикасы бойынша орташа айлық жалақы 340 636 теңге.