Өткен демалыс күндері алматылықтарға өз сыныбындағы ең арзан кроссовер таныстырылды. Отбасылық пикник форматындағы HAVAL М6 презентациясын «Астана Моторстың» еншілес компаниясы Haval Motor Kazakhstan дайындады.
Haval M6 – Great Wall Motor автоконцернінің моделі. Ол Қытайдың ішкі нарығында кеңінен танымал. Haval M6 үнемді, қауіпсіз, жайлы, кең және технологияға толы. GWM концерні тиімді бағада отбасына арналған мінсіз автокөлік жасап шығару үшін өзінің ең үздік әзірлемелерін қолданды: сатып алушы M6 базалық жинақтамасын 8 990 000 теңгеге сатып ала алады.
Классикалық автопрезентацияның орнына бүкіл отбасымен табиғат аясында шат-шадыман пикник өткізейік дедік. Қонақтарымыз Haval M6-ның жай автокөлік емес, отбасы мүшесі екенін сезінгенін қаладық! Сенімді, жауапты, көңілді әрі жеңіл болды, — дейді Haval Motor Kazakhstan директоры Владимир Сошкин.
Haval М6 143 аттың күшіндей бензин қозғалтқышпен жабдықталған, айналдыру моменті – 202 Hм, оған қоса алты сатылы механика немесе жеті сатылы робот түріндегі қорабы бар. Моделі – алдыңғы жетекті аспасы тәуелсіз Макферсон. Соның арқасында бұл көлікпен қала сыртында да емін-еркін жүруге болады. Haval M6 экологиялық класы Еуро-5 стандарттарына сай келеді.
Қауіпсіздік — отбасыға арналған автокөліктің басты қасиеті, сол себепті модельде круиз-контроль және жүргізушіге көлік айдағанда көмектесетін жүйе орнатылған: жүргізушіге өрден түскенде және өрге шыққанда, тежегішті кенет басқанда және тоқтап-тоқтап қозғалғанда көмектесетін жүйелер. Сонымен қатар алдыңғы орындықтарының жылытқышы, артқа жүру камерасы мен артқы парктрониктері бар. Сонымен бірге автокөлікке ISOFIX — балаларға арналған автокөлік орындықтарын бекіту жүйесі орнатылған. Тағы бір отбасының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін параметрі — көлік ішіндегі жарықтың сөнуін кідіртуге болатыны. Сіз көліктен түсе сала, қараңғыда қалып қалмайсыз. Haval М6 үйіңізге кіргенше, жолға жарық түсіріп тұрады.
Haval M6 заманауи мультимедиа жүйесімен жабдықталған. Оны смартфонмен байланыстыруға болады. Бұл барлық жолаушыға ыңғайлы әрі қолайлы, себебі осы жүйенің арқасында тұрақтағы көлікті тез іздеп табуға болады.
2023 жылдың басына қарай Haval M6-ның дизайны да, технологиялары да рестайлиң рәсімінен өтті. Бұл автокөліктің ең жаңа нұсқасы және ол 2025 жылы «Астана Моторс» мультибренд зауытында өндіріледі.