Қазақстанда көбейген барыс қайда қырылады?

«Барыс» сөзін естігенде менің есіме бірден «жалғыздық», «мәрттік», «қайраттылық», «тектілік» сөздері келеді. Бүгінде жер бетінде 5000 мың (140 біздің елде; 2000 әлем зоопарктерінде) қар барысы қалыпты. Басым бөлігі Қытайдың Тибет тауларын пана тұтса, біразы Алтай мен Алатау асуларында мәрттіктің ізін қалдырып жүрген көрінеді. Қайсарлығы мен мықтылығы үшін талай ел барысты өзіне символ қылып алған жайы бар. Жалпы әлемнің 13 елінде қар барысы кезігеді. Хакасия мен Татарстанның елтаңбасында барыс бейнеленсе, еліміз өзін «Орталық Азияның барысы» атап, стратегиялары мен қалаларында (Алматы қаласының елтаңбасы) барыс көрініс тауып, спорттық ойындарда да («Азиада» символы барыс болды; «Барыс» хоккей клубы бар) қар барысына үлкен құрмет көрсетіледі. Мұның барлығы өте жақсы, алайда барыстың ең көп қырғынға ұшырап жатқан аймағы да бар екен. Ол-Қырғызстан. Он жыл ішінде саны 60 % кеміп қалған.

Бұл жайлы президент А. Атамбаев: «Манас эпосында оны қорғаушылардың бірі барыс екені айтылады. Ал енді бүгінде барысты атып жатқанды қалай түсінеміз?! Олар барысты атқан сәттен бастап қырғыз емес, мәңгүрт болмақ!»-деген еді. Бүгінде Қазақстаннан саны сәл болсын көбейіп, жыл сайынғы қоныс аудару жолы бойынша Алатау асып барған қар барыстарының жартысы Қырғыз елінен аңшылық кесірінен қайтпай қалады екен. Мұның басты себебі, барыс Қырғыз еліне барып күшіктейді екен, ал сол сәтті күткен қырғыз аңшылары киелі аңды қырып салып отырады. Бұл басқатырарлық мәселенің реттеу рычагтарын табу  қоғам үшін де, мемлекет үшін де өте қиын. Алайда тез уақытта табылмаса, қар барысының ізі қарда қалмайын деп тұрғаны анық.

Асхат  Қасенғали

Дереккөзarhar.kz
Telegram арнамызға жазылыңыз

Күннің маңызды және өзекті жаңалықтарын телеграм каналынан оқыңыз

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

ТЖД алматылықтарға ауа райына байланысты ескерту жасады

1 сәуірде Алматының таулы аймақтарында аяз болады. Бұл туралы Алматының төтенше жағдайлар департаменті хабарлады. 

Алматыда жаңа электр станциясы іске қосылады

Алматыда биыл «Нұршашқан» және «Қайрат» шағынаудандарын тұрақты электрмен қамтамасыз ету үшін қосалқы электр станциясы іске қосылады.

Қазақстанда бір тәулікте 85 адамнан коронавирус анықталды

Елімізде кейінгі тәулікте 85 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. 

Астанада VIII сайланған ҚР парламентінің бірінші сессиясы ашылды

Астанада VIII сайланған Қазақстан Республикасы парламентінің бірінші сессиясы ашылды. Жиынға Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып жатыр.

Биыл 45 аудан және облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау өтеді

Биыл алғаш рет 45 аудан және облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін тікелей сайлау өтеді. Бұл туралы парламент палаталарының бірлескен отырысында мемлекет басшысы айтты.

Елімізде өсімдік майының өндірісі өсті

Биыл қаңтар-ақпан айларында елде 111,8 мың тонна тазартылған және тазартылмаған өсімдік майы өндірілді, бұл былтырмен салыстырғанда 31%-ке артық.