Ұлттық банк доллар мен рубльдің 2 мамырға арналған бағамын белгіледі.
Атап айтқанда, 1 доллар құны – 453,39 теңге, Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 5,63 теңге.
28 сәуір кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 3,01 теңгеге төмендеді – 453,21 теңге. Ресей валютасы 5,59 теңге болды.
Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 450-454 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар 450,5-454 теңге аралығында құбылып тұр.
Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасын 5,35-5,65 теңгеге сатып алуға болады. Астанада көрші ел валютасы 5,45-5,55 теңгеден саудаланып жатыр.