Басты бетЖаңалықтарАлматыда ҰҚК...

Алматыда ҰҚК академиясының курсанты өлі табылды

30 сәурде ҚР ұлттық қауіпсіздік комитеті академиясының жатақханасында үшінші курс курсантының денесі табылды.

ҚР ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, курсант өзіне қол салған.

Бостандық аудандық полиция басқармасы қылмыстық кодекстің 105-бабының 1-бөлігі (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.