Президент елордадағы желілік саябақта «Жасыл Астана» экологиялық айлығы аясында ұйымдастырылған қалалық сенбілікке қатысты.
Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы желілік саябақта ағаш отырғызды.
Мемлекет басшысы сенбілік барысында волонтерлермен және студенттермен әңгімелесті.
Қазақстан – біздің ортақ үйіміз. Сондықтан үйімізді таза ұстауымыз керек. Ағаш отырғызып, көшелерді тазалауымыз керек. Бұл – біздің азаматтық борышымыз. Бізде басқа ел жоқ. Сондықтан бәріңді жауапкершілігі мол азамат болуға шақырамын. Баршаңызға, әсіресе, еріктілерге алғыс айтамын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сенбілікке қатысқандар екі түп қарағай және 39 түп жөке көшетін екті.