Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божко шетелдерге көрсетілген гуманитарлық көмек сомасын мәлімдеді. Ол өз сөзінде 1990 жылдан бері Мәжіліс 1237 халықаралық шарттар мен келісімдерді мақұлдап, ратификациялағанын, оның ішінде ұйымдасқан қылмыспен және заңсыз көші-қонмен күрес жөніндегі БҰҰ конвенцияларына қосылу туралы және басқа да құжаттар бар екенін атап өтті.
«Қазақстанның бітімгерлік қызметі мен дамуға ресми көмектесу туралы заңдарының орны бөлек. Соңғы жылдары еліміз шет мемлекеттерге көрсеткен гуманитарлық көмектің жалпы сомасы 10 млрд. теңгеден асты»,-деді Владимир Божко Мәжілістегі Үкімет сағаты барасында.
Оның айтуы бойынша, бұл факторлар Қазақстанның абырой-беделін нығайтуда салмақты қадамдар болды. Сондай-ақ БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне сайлануда елеулі ықпал етті.
Айта кетейік, 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан алдағы екі жылдық кезеңге БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде өз жұмысын бастады.