Танымал ақын, журналист Серік Қалиев қайтыс болды.
Серік бауырым Алласына аттанған екен. Иманды жырларың мен игі амалдарың қабір жолдасың болғай, отбасына һәм туыс-туған, дос-жарандарына жаратушы ием сабыр берсін. Бір Алла қамқорына алғай досым, — деп жазды журналист Бекен Қайратұлы желідегі парақшасында.
Бұқаралық ақпарат құралдарында тараған ақпарат бойынша, Серік Қалиевты көлік қағып кетті. Ол түнгі намаздан қайтып келе жатқан.
Серік Қалиев 1961 жылы Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Амангелді ауылында дүниеге келген. «Жұлдыз — сезім», «Ақ моншақ», «Егіздің сыңары», «Ашық хат» өлең жинақтары жарық көрген.