Ұлттық қауіпсіздік комитеті биыл есірткі тасымалының сегіз халықаралық және 14 өңірлік арнасын жойды. Бұл туралы комитеттің баспасөз қызметі хабарлады.
ҰҚК мәліметінше, есірткіге қарсы 47, оның ішінде Ресей, Қырғызстан және Австралияның құзыретті органдарымен бірлескен операциялар жүргізілді. Нәтижесінде есірткі тасымалының сегіз халықаралық және 14 өңірлік арнасы жойылды.
Биыл есірткі құрылымдарының 67 қатысушысы ұсталды. Заңсыз айналымнан 483,2 келі психотроптық зат, 11 келі героин, 32,8 келі апиын, 63,7 келі гашиш, 41,6 келі марихуана және 17 тоннадан астам көкнәр шикізаты, сонымен қатар 22 тоннадан астам химиялық реагенттер алынды, — делінген хабарламада.