Басты бетЖаңалықтарБас прокурор:...

Бас прокурор: Серік Күдебаев ұсталды

Қырғыз шекарасы арқылы Түркияға қашқан Алматы облысы полиция департаментінің экс-басшысы Серік Күдебаев ұсталды. Ақпаратты бас прокурор Берік Асылов растады.

Желіде Серік Күдебаевтың Түркияда ұсталып, Қазақстанға жеткізілгені туралы ақпарат тараған еді.

ҚХА сессиясының кулуарында бас прокурор Берік Асыловтың өзі журналистерге бұл ақпаратты растады.

Еске салайық, Алматы облыстық полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаев қаңтар оқиғасы бойынша күдікті деп танылған еді.

Сот талқылауы барысында прокурор судьядан Серік Күдебаевқа тоғыз жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

3 сәуірде Серік Күдебаевқа халықаралық іздеу жарияланды.