Эмомали Рахмон Қазақстанға мамыр айының басында келеді. Бұл туралы Sputnik Тәжікстан хабарлады.
Эмомали Рахмонның Астанаға сапары 3 мамырға жоспарланған, оның аясында елордада екі елдің бизнес-форумы өтеді, — делінген хабарламада.
Тәжікстанның Инвестициялар және мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік комитетінің мәліметінше, іс-шараның мақсаты – республикалар арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту.