Басты бетЖаңалықтарЕлімізде жылу...

Елімізде жылу мен электр энергиясы қымбаттайды

Қазақстанда маусым, шілде айларынан бастап жылу мен электр энергиясы қымбаттайды. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты.

Министрдің айтуынша, жылу желілерінің 80-85%-і тозған. Мәселені шешу үшін тарифті көтеру керек.

Биыл электр энергиясының тарифін шілде айынан бастап көтеру жоспарланып отыр. Жылудың жаңа тарифі жаңа жылу беру маусымынан басталады. Жұмыстар басталып кетті. Тариф мөлшері әр өңірде әртүрлі, жылу жүйесінің тозу деңгейіне байланысты. Кейбір өңірлерде 10%-тен басталып, 30%-ке дейін көтерілуі мүмкін, — деді Әлібек Қуантыров.