Алматыда субұрқақтарды іске қосу үшін дайындық жұмысы жүргізіліп жатыр. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
2023 жылғы ақпанда қабылданған субұрқақ шаруашылығын күтіп ұстау мен техникалық қызмет көрсетудің жаңа ережелері бойынша қаладағы субұрқақтар 1 мамырдан 1 қазанға дейін күн сайын таңғы сағат 08:00-ден түнгі сағат 23:00-ге дейін жұмыс істейді, — делінген хабарламада.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, Алматыда 150 субұрқақ бар, оның 64-і коммуналдық меншікте. Субұрқақтар +5°C-тан жоғары температурада жұмыс істей алады. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында онда шомылуға қатаң тыйым салынады. Ол үшін ескерту жазбасы бар қалқандар орнатылады.