Басты бетЖаңалықтарТамара Дүйсенова:...

Тамара Дүйсенова: 237 ардагерге кемінде 1,5 миллион теңгеден төленеді

Қазақстанда Жеңіс күніне орай Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне қанша ақша берілетіні белгілі болды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова бүгінде Қазақстанда 237 ардагер тұрып жатқанын айтты.

Бүгін таңертең ғана осы мәліметтерді шолып шықтым, 237 адам бар. 9 мамырда оларға барлық сала бойынша тиісті материалдық ынталандыру төленеді. Дәл сондай, бірақ кей жерде одан көп болуы мүмкін. Әкімдіктер ұсынысы бойынша 1,5 миллион теңгеден кем емес, — деді министр.