72 жылда қайталанбаған дағдарыс келе жатыр

БҰҰ-ның мәлімдемесіне сәйкес, Йемен, Оңтүстік Судан, Сомали және Нигерия елдеріндегі 20 миллионнан астам халыққа аштық қаупі төніп тұр.

БҰҰ гуманитарлық мәселелер бойынша бас хатшысы Стивен О’Брайен: «Егер дереу алдын алу шаралары ұйымдастырылмаса, бұл елдердегі жағдай мүлде нашарлап кетуі мүмкін. Жаһандық ауқымдағы ұжымдық және келісілген түрде дереу әрекетке көшу керек. Тұрғындар аштықтан ажал аузында тұр» — деп отыр.

Бас хатшының айтуынша, осы жылдың шілде айына таман, аталмыш елдерге 4,4 млрд доллар қаржыға гуманитарлық көмек жеткізу қажет.

Ұйымның төрағасы: «БҰҰ құрылғалы бергі ең қиын кезең орнады. Бұндай дағдарыс соңғы 72 жылда алғаш қайталанып отыр» — деген болатын.

Сомали, Йемен және Оңтүстік Судандағы жағдай соңғы жылдардағы жаппай соғыс қимылдарының салдарынан нашарлап кеткен. Ал Нигериядағы ахуал радикалды діни топтардың қақтығысуынан болып отыр.

Қаңтар айында ұйым өкілдері Йемендегі соғыс жақын арада халықтың жаппай аштыққа ұшырауына алып келуі мүмкін екенін айтқан болатын. Қазірдің өзінде Йемендегі 10 миллиондай халық азық-түлік жетіспеушілігінен зардап шегуде, оның 2 миллионы балалар.

Ал БҰҰ-ның арнайы бағдарламасының зерттеу нәтижелелеріне сәйкес, бүгіннің өзінде 100 мыңдай адамға аштықтан өлім қаупі төніп тұр.

ДереккөзBaq.kz