Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасарлары тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысының өкімімен Акбаржон Яхияхожаевич Исмаилов және Аурика Георгиевна Дяк Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасарлары болып тағайындалды, — делінген құжатта.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасарлары қызметін атқарған тұлғалар қызметінен босатылды.