Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасарларын қызметінен босатты.
Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысының өкімімен Тауфик Акрамович Каримов және Наталья Григорьевна Дементьева Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары қызметінен босатылды, — делінген хабарламада.