Алматының Түрксіб ауданында су құбырынан ақау шықты. Ірі апатқа байланысты кейбір көшелерде уақытша су тоқтатылады.
Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, Рысқұлов даңғылының Герцен көшесімен қиылысатын тұсындағы екі жолағы қозғалыстың батыс жағына қарай уақытша жабылды.
Мына көшелерде орналасқан әкімшілік ғимараттар мен үй құрылыстарына су беру уақытша тоқтатылады:
- Сүйінбай-Баянауыл-Шемякин-Хмельницкий;
- Рысқұлов-Парковая-Құлыншақ-Баишев;
- Айша бибі, Атырау, Шуақты шағынаудандары.
Бұл мекенжайлар мен шағынаудандарға автоцистерналармен су тасымалдау жүзеге асырылады. Қаланың басқа аудандарында суды өшіру жоспарланбаған, — делінген хабарламада.