Алматыда журналистер Владимир Северный мен Наргиз Северный ЖШС басшылығынан ақша бопсалады деген күдікке ілінді.
Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, жағымсыз ақпараттардың жарияланбауы үшін ЖШС басшылығынан ақша бопсалаған ерлі-зайыпты журналистер ұсталды. Олар қаражаттың бір бөлігін алу кезінде қолға түсті.
Қазір деректің толық мән-жайын анықтау үшін жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Нәтижесінде заңды процессуалдық шешім қабылданады, — делінген хабарламада.