Алматыда бейнемониторинг жүйесінің 6 000 қосымша камерасы орнатылады. Бұл туралы әкім Ерболат Досаев халықпен кездесуде айтты.
Әкімнің айтуынша, бейнемониторинг жүйелерінің желісін кеңейту жобасы шеңберінде жаңа мекенжайлар тізбесі жасалды, қала бойынша адамдар көп жиналатын жерлерде қосымша – 6 000 камера, оның ішінде Бостандық ауданы бойынша 750 камера орнату жоспарда бар.
Көлік құралдарын жүргізу тәртібін арттыру үшін қазіргі таңда ауданда 784 камерасы бар 102 «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешені жұмыс істейді. Сонымен қатар биыл I-ші тоқсанда 541 камерасы бар 96 «Сергек» АБК орнатылды. Осылайша ауданда «Сергек» кешендерінің саны 198-ге (1 325 камера) жетті, — деді Ерболат Досаев.