Үкіметтің кеңейтілген кеңесінде премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгінов биыл 200 мың жастың жұмыспен қамтылатынын айтты.
Болжам бойынша жыл сайын еңбек нарығына 300 мың жас маман келетін болды. Оларды жұмыспен қалай қамтамасыз етеміз? Бұл мәселе бойынша арнайы бағдарлама бар ма?, — деп сұрады президент үкіметтің кеңейтілген кеңесінде.
Премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгіновтің айтуынша, биыл наурыз айында тұжырымдама қабылданған.
Биылдың өзінде 200 мың жас жұмыспен қамтылады. Бұл жаңағы «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны», сонымен бірге шағын несиелер. Сонымен қатар ұжымдармен бірге бос жұмыс орындарына жастар жіберіледі, — деді вице-премьер.