Халықтың ең көп сұранысына ие электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) енді телефон қосымшасы арқылы алуға болады.
«Мобайл ХҚО» қосымшасында ХҚО операторымен видеоқоңырау арқылы байланысып, ЭЦҚ-ға үйден шықпай-ақ тапсырыс беруге болады.
Биыл 4 миллионнан астам азамат қызмет алу үшін ХҚО-ға жүгінді. Олардың шамамен 30%-і ерекше сұранысқа ие ЭЦҚ алу қызметіне тапсырыс берген. Сондықтан біз ХҚО-ға баруды қажет етпейтін мемлекеттік қызмет көрсетудің қолжетімді және ыңғайлы амалын ойластыруды мақсат еттік. Қазір «Мобайл ХҚО» арқылы 38 қызмет алуға болады. Тізімді әлі де толықтырамыз, — деді мемлекеттік корпорацияның басқарма төрағасы Сүйеніш Әбділдин.