Басты бетЖаңалықтарПрезидент Қазақстанның...

Президент Қазақстанның Әзербайжандағы елшісін тағайындады

Президент Қазақстанның Әзербайжандағы елшісін тағайындады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Мемлекет басшысының жарлығымен Әлім Дәуренұлы Байел Қазақстан Республикасының Әзербайжан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды, — делінген хабарламада.

Сонымен қатар мемлекет басшысының жарлығымен Сержан Оралбайұлы Әбдікәрімов Қазақстан Республикасының Әзербайжан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды.