Риддер әкімі Дмитрий Горковой жергілікті тұрғындарға қалада бір тәулікке су өшірілетінін ескертті.
Бұл туралы қала басшысы Instagram-парақшасында жариялады.
Магистральды су құбырларының реконструкцияланған учаскелерін қолданыстағы сумен жабдықтау желілеріне енгізу бойынша жұмыстардың жүргізілуіне байланысты қалада сумен жабдықтау 2023 жылғы 18 сәуір сағат 05:00-ден 19 сәуір сағат 06:00-ге дейін тоқтатылады. Тұрғындардан және басқа абоненттерден тәуліктік су қорын дайындап қоюын сұраймыз, — деп жазды Дмитрий Горковой.
Әкім су тек денсаулық сақтау объектілеріне ғана жеткізілетінін айтты.