Басты бетЖаңалықтарҚазақстан Ауғанстанға...

Қазақстан Ауғанстанға гуманитарлық көмек берді

Премьер-министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин гуманитарлық және сауда миссиясымен Кабулға барды.

Бұл туралы сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Дәрі-дәрмек қораптары әуе жолы арқылы жеткізілді. Жалпы көлемі 5 403 тонна болатын (81 вагон) негізгі гуманитарлық жүк теміржол көлігімен жеткізілді.

Гуманитарлық көмек азық-түлік өнімдерінен (сүт консервілері, өсімдік майы, ұн, қарақұмық) тұрады.

Президент тапсырмасы бойынша біз Қазақстан халқы атынан Ауғанстанға гуманитарлық көмек жеткізу үшін келдік. Біздің гуманитарлық миссиямыз қасиетті Рамазан айына тұспа-тұс келіп отыр. Осынау мұсылмдандар үшін берекелі уақытта баршаға бейбітшілік пен тыныштық тілейміз, — деді Серік Жұманғарин.

Ауғанстанға сапары аясында Серік Жұманғарин сауда және өнеркәсіп, сыртқы істер, байланыс және телекоммуникация министрлерінің міндетін атқарушы, вице-премьер м.а. Абдул Гани Барадармен кездесті.