Жаңаөзенде тұрғын үйлердің бірінде газ жарылып, салдарынан 11 адам зардап шекті. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бүгін, 17 сәуірде таңғы сағат бес шамасында Жаңаөзен қаласындағы 2-ші шағынауданда екі кіреберістен тұратын 12 пәтерлі екі қабатты тұрғын үйде газ жарылды. Салдарынан 150 шаршы метр кіреберіс қираған. Оқиға орнында өрт болған жоқ, — делінген хабарламада.
Жарылыстан зардап шеккен 11 адам ауруханаға түсті.
Қалалық аурухананың баспасөз қызметінің мәліметінше, екі адам жансақтау бөлімінде ауыр халде жатыр, бірінің 80%, екіншісінің 50% денесін күйік шалған. Басқа адамдардың жағдайы қанағаттанарлық.