Басты бетЖаңалықтар2018 жылы зейнетақы 45 пайызға өседі

2018 жылы зейнетақы 45 пайызға өседі

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрi Тамара Дүйсенованың айтуынша, 2020 жылға дейін зейнетақы жүйесі жаңғыртылады.

«Биылғы жылдың 1 шiлдесiнен бастап зейнетақы көлемi 20 пайызға ұлғаяды. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап базалық зейнетақы, мүгедектерге арналған төлем, асыраушысынан айрылғандарға төленетiн жәрдемақы 16 пайызға артады. Ал 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап зейнетақы мөлшері 2016 жылғымен салыстырғанда 45 пайызға артады», — дедi Т.Дүйсенова.

Министрдiң айтуынша, бұның барлығы мемлекеттiк бюджеттен қосымша қаржының бөлiнуiн қажет етедi. Қазiргi таңда 300 млрд теңге бюджетте қарастырылған. Бұл қаржы 3 млн астам азаматты қамтиды.

ДереккөзBaq.kz