Алматы әкімді баспасөз қызметінің xабарлауынша, биыл салтанатты шара Астана алаңында және Алатау ауданындағы Атлеттер ауылында өтеді.
Астана алаңында киіз үйлер тігіледі және Наурыз мерекесіне сай инсталляциялар орнатылады. «Театрланған қойылымдар қойылады — «Мүшел», «Самалық», «Түлік жыры» әні орындалады», — делінген хабарламада.
Атлеттер ауылында мерекені тойлау қазақ ауылдарының жаңа көрінісін көрсетеді. Алаңға ертедегі қақпа түрінде әзірленген жерден кіруге болады, екі жанында киіз үйлер тігіледі.
Мерекелік концертте Рамазан Стамғазиев, Нұржан Жанпейісов, Тілеулес Құрманғалиев, Еркен Шүкімән, Айгүл Қосанова өнер көрсетеді. «Отырар сазы» фольклорлы-этнографиялық оркестр өз өнерін паш ететін болады. Сонымен қатар «Қоңыр», «МузАРТ», «Алашұлы» топтары және эстрада жұлдыздары — Айқын, Әли Оқапов, Мөлдір Әуелбекова, Маржан Арапбаева және тағы басқа әншілер өнер көрсетеді.