Елдің басым бөлігінде бұрқасын, үсік және көктайғақ болады

Шаңды дауыл
Шаңды дауыл. Фото: Novostipmr.com
«Қазгидромет» РМК синоптиктері 17 сәуірде 13 өңірде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ болады. Облыстың батысында тұман болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстікке ауысады, түнде облыстың басым бөлігінде, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с жетеді.

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл соғуы мүмкін. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күші 15-20, облыстың солтүстігінде, орталығында 25 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, орталығында 3 градус үсік болуы мүмкін.

Қарағанды облысының солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жаууы мүмкін. Облыстың солтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ болуы мүмкін. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с, облыстың оңтүстігінде, шығысында кей уақытта 23-28 м/с жетеді.

Жетісу облысының оңтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, таулы аудандарда кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жаууы мүмкін. Күндіз оңтүстікте, таулы аудандарда найзағай, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел соғады . Облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с жетеді.

Абай облысында жауын-шашын, түнде облыстың солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар) болуы мүмкін. Облыстың солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың басым бөлігінде 15-20, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с.

Павлодар облысының солтүстігінде солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын, облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар) болуы мүмкін. Облыстың солтүстігінде көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың басым бөлігінде 15-20, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с.

Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында бұрқасын болуы мүмкін. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде 3 градус үсік болуы мүмкін.

Қостанай облысының оңтүстігінде бұрқасын, көктайғақ болуы мүмкін. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында солтүстіктен жел соғады. Екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, екпіні 23-28 м/с жетуі мүмкін.

Ақмола облысының оңтүстік жартысында бұрқасын, көктайғақ болуы мүмкін. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Астанада 17 сәуірде түнде және таңертең бұрқасын болуы мүмкін. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с.