Еліміздің бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина Астанада өтіп жатқан Билли Джин Кинг кубогының іріктеу кезеңі аясындағы Қазақстан-Польша матчында қарсыласын ұтты.
Бүгінгі алғашқы кездесуде қазақстандық теннисші әлемнің 19-ракеткасы Магда Линетпен ойнады. Кеше 2:0 есебімен алға шыққандықтан, Қазақстан құрамасына командалық әлем чемпионатына жолдама алу үшін енді бір ғана жеңіс жеткілікті еді.
Бірінші партияда есеп 4:4 болғанда Елена Рыбакина үзіліс жасап, сосын есепті 6:4-ке жеткізді.
Екінші сетте қазақстандық спортшы 2:0 есебімен алға кеткенімен, Магда Линетт таразы басын теңестірді. Елена Рыбакина қайта үзіліс жасап, есеп жаңартты – 4:2. Тағы бір үзілістен соң есеп айырмасын тағы арттырды – 6:2.
Осылайша, Қазақстан Польшамен матчта 3:0 есебімен алға шығып, әлем чемпионатының финалына жолдама алды.
Матчтан соң Елена Рыбакина барлық жанкүйері мен командасына алғыс айтты.
Бұған дейін спортшы АҚШ-та өткен Miami Open финалында әлемнің 12-ракеткасы Петра Квитовадан жеңілген еді. Сонымен қатар Елена Рыбакина бір жылда үш бірдей ірі жарыстың финалына шыққан тарихтағы алтыншы теннисші атанды.