Қазақстанның көп бөлігінде ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды

Күшті жел, дауыл, шаң
Фото: Ibirzha.kz
«Қазгидромет» 15 сәуірде Қазақстанның көп бөлігінде ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында көктайғақ болуы мүмкін. Облыстың солтүстік-батысында 3 градус үсік болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20, облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында екпіні 23 м/с.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, орталығында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Облыстың басым бөлігінде бұрқасын болуы мүмкін. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, түнде облыстың солтүстігінде екпіні 23 м/с.
 
Абай облысының солтүстігінде, батысында жауын-шашын күтіледі, күндіз облыстың басым бөлігінде жауын-шашын, облыстың шығысында қатты жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) болуы мүмкін. Облыстың солтүстігінде көктайғақ. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23-28 м/с.
Астанада қар жауады, түнде кей уақыттарда қатты қар болады. Бұрқасын, көктайғақ болуы мүмкін. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20, түнде кей уақыттарда екпіні 23 м/с күшейеді.
 
Атырау облысының оңтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан солтүстікке ауысып жел соғады, облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20, күндіз облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде 23 м/с.
Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 24-29 м/с.
Алматыда кей уақытта қатты жаңбыр, найзағай болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.
Ақмола облысында қар жауады, түнде облыстың батысында, шығысында қатты қар жауады. Бұрқасын, тұман, көктайғақ болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күші 15-20 м/с, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 23 м/с.
Ұлытау облысының батысында найзағай соғады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20, кей уақытта екпіні 23-28 м/с.
Қарағанды облысының солтүстігінде тұман, көктайғақ болуы мүмкін. Күндіз облыстың оңтүстігінде найзағай соғады. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20, кей уақытта екпіні 23-28 м/с.
Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында найзағай соғуы мүмкін. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың солтүстігінде, орталығында күші 23-28 м/с шаңды дауылмен сақталады.
Шығыс Қазақстан облысынның солтүстігінде, шығысында жауын-шашын, кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жаууы мүмкін, күндіз облыстың басым бөлігінде жауын-шашын, облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында көктайғақ. Жел оңтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 25 м/с.
Жетісу облысының орталығында, таулы аудандарында қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ жаууы мүмкін. Батыстан жел соғады облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с.
Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр болады. Облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай, таулы аудандарында бұршақ болуы мүмкін. Батыстан жел соғады, облыстың, оңтүстігінде, солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20 м/с.
Шымкентте кей уақытта найзағай соғуы мүмкін. Батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
 
Павлодарда бұрқасын, көктайғақ болуы мүмкін.