Жамбыл және Түркістан облыстарында жанар-жағармайды елден тыс жерлерге әкетуге жол бермеу бойынша рейд жүргізіліп жатыр.
Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.
Бұл құқық бұзушылық үшін әкімшілік кодекстің 590-бабының 7-бөлігі бойынша жауапкершілік қарастырылады. Іс-шараның үш күнінде осындай құқық бұзушылықтар жасағаны үшін 57 жүргізуші жауапқа тартылды, — делінген хабарламада.
Ведомство мәліметінше, 21-ші әкімшілік материал бойынша көлік құралдарын одан әрі пайдалануға тыйым салынды.