Қазақстанда бір жылда азық-түлік 11,8%-ке қымбаттады. Бұл туралы ұлттық статистика бюросы хабарлады.
Өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына баға өзгермеді, ал жылдық мәнде 11,8%-ке өсті, — делінген хабарламада.
Қазақстан бойынша әлеуметтік маңызы бар кейбір тауарлардың орташа бағасы:
- қарақұмық – 434 тг/кг;
- пияз – 178 тг/кг;
- тауық еті – 1 235 тг/кг.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 атау кіреді.