Пиязды елден шығаруға салынған шектеу алынып тасталғаннан бері 30 кәсіпкер квота шеңберінде экспорттауға рұқсат алды.
Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады.
Ауыл шаруашылығы министрлігі таяуда пияз экспортына салынған шектеудің күшін жойды. Бірақ шетелге шығаруға 20 мың тонна көлемінде квота белгіледі.
Ведомство мәліметінше, 12 сәуірге дейін 30 кәсіпкер 3 415 тонна пиязды өзге мемелекеттердің нарығына шығаруға рұқсат алған. Квота бойынша енді 16 584 тонна қалып отыр.