Алматыда Наурызбай ауданының Ақжар ықшамауданында орналасқан ірі мейрамхана сот шешімімен сүрілді.
Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
Қала құрылысын бақылау басқармасының жоспардан тыс тексеруі кезінде мейрамхана рұқсат құжаттарынсыз салынып жатқаны анықталған.
Меншік иесіне қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 316-бабы 1-бөлігі, 321, 463-бөлігі 1-бөлігі бойынша әкімшілік шаралар қабылданды және бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс берілді. Мерзім өткеннен кейін меншік иесі ұсыныс талаптарын орындамады және басқарма Алматының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына заңсыз салынып жатқан объектіні бұзу туралы талап арыз берді, — делінген хабарламада.
Былтыр 26 тамызда сот шешімімен талап арыз толық көлемде қанағаттандырылды, бірақ жауапкер апелляциялық шағым берді. 19 қазанда қалалық соттың қаулысымен бірінші инстанциядағы соттың шешімі өзгеріссіз қалды. 2023 жылғы 13 сәуірде сот орындаушыларының қатысуымен нысан сүріле бастады.
Еске салайық, 7 сәуірде Назарбаев даңғылы бойында орналасқан «Здесь и сейчас» кафе-барының жазғы террасасы сот шешімімен бұзылды.