«Азаматтарға арналған үкімет» қызметкерлері орындайтын азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу саласындағы жекелеген жұмыстардың бағаларын бекіту туралы» цифрлық даму министрінің бұйрығы «Ашық» НҚА порталында жарияланды.
Енді азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу жұмыстарының мынадай құны белгіленеді:
1. Баланың туғанын мемлекеттік тіркеу – 8 433 теңге;
2. Қайтыс болған баланы және туған соң бір апта ішінде қайтыс болған баланы мемлекеттік тіркеу – 8 252 теңге;
3. Бір жасқа толған және одан да көп баланың туғанын мемлекеттік тіркеу (мерзімін өткізіп алған жағдайда) – 8 698 теңге;
4. Қазақстан Республикасынан тыс жерде туған кәмелетке толмаған баланың туғанын мемлекеттік тіркеу – 8 603 теңге;
5. Атын, әкесінің атын, тегін өзгертуге байланысты тууын мемлекеттік тіркеу туралы актілік жазбаға өзгерістер, толықтырулар енгізу – 8 525 теңге;
6. Бала асырап алуға байланысты тууды мемлекеттік тіркеу туралы актілік жазбаға өзгерістер, толықтырулар енгізу – 8 337 теңге;
7. Шетел азаматтары асырап алған кезде дербес деректердің өзгеруіне байланысты тууды мемлекеттік тіркеу немесе тууды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар енгізу – 8 649 теңге;
8. Неке қиғанын мемлекеттік тіркеу – 9 667 теңге;
9. Неке қиғанын (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу туралы, оның ішінде атын, тегін, әкесінің атын өзгертуге байланысты актілік жазбаға өзгерістер, толықтырулар енгізу – 8 714 теңге;
10. Өлімді мемлекеттік тіркеу – 8 833 теңге;
11. Өлімді мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар енгізу – 9 189 теңге.
Бұйырық жобасы 24 сәуірге дейін көпшілік талқылауына ұсынылды.