Басты бетЖаңалықтарАлматының Әуезов...

Алматының Әуезов ауданында 700 бейнекамера орнатылады

Аудандағы өзекті мәселелердің бірі — қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Бұл туралы аудан тұрғындарымен кездесуде қала әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді.

Адамдар көп жиналатын орындарда тағы 700-ге жуық камера орнату жоспарланған. Жол қауіпсіздігін жақсарту үшін аудан көшелерінде 65 «Сергек» кешені жұмыс істейді. 2023 жылдың бірінші тоқсанында тағы 84 «Сергек» кешені орнатылды. Осылайша аудандағы «Сергек» кешендерінің жалпы саны 149-ға жетеді, — деді Ерболат Досаев.