Алматыда Жұбанов көшесі қала шекарасына дейін ұзартылады. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев Әуезов ауданының тұрғындарымен кездесуде айтты.
Ерболат Досаевтың айтуынша, Жұбанов көшесін Момышұлы көшесінен қала шекарасына дейін ұзартуға жобалау-сметалық құжаттаманың мемлекеттік сараптамасының оң қорытындысы алынды.
Сатып алынуға тиіс 307 учаске анықталды. Мердігер ұйымды анықтау бойынша байқау өткізіледі. Бұл Әуезов ауданының дамуына, көлік жүктемесін айтарлықтай азайтуға және қоғамдық көлікпен қызмет көрсету сапасын жақсартуға ықпал етеді, — деді Алматы басшысы.